You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Loading...

ENTER жобасының консорциумы

Жоба координаторы: Порту қаласының ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ - (Португалия)

Еуропалық серіктестер:

ENTER жобасының жұмыс тобы

Порту қ. ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ (Португалия)
Жоғары инженерлік мектебі
ISEP-P.PORTO

Эдуарда Пинту Феррейра, техника ғылымдарының PhD дәрежесін алды (2006), 1995 жылы «Электротехника» бағыты бойынша магистратураны бітірді, профилі - «Электр байланысы», 1991 жылы «Қолданбалы математика және информатика» бағыты бойынша бакалавриатты бітірді. Порту қ. Политехникалық университетінің «Математика» кафедрасының доценті, 1992 жылдан бастап әртүрлі білім беру бағдарламаларында бірнеше пәндерден сабақ береді. Екі PhD диссертацияны қорғаудың ғылыми жетекшісі болды. 2010 - 2014 жылдары Педагогикалық кеңестің президенті болды. 2018 жылдан бастап ол «Тұрақты даму практикасы» магистрлік бағдарламасына жетекшілік етеді және CDIO (Жоспарлау – Жобалау - Өндіру - Қолдану) бастамасы аясында студенттердің білім сапасын бағалау бойынша топтың белсенді мүшесі болып табылады. Күрделі жүйелерді жобалау және басқару жөніндегі конференцияның білім беру бағдарламалары комитетінің мүшесі (CSD&M), Париж, 2018 ж. Эдуарда Пинту Феррейра - Евклид желісінің координаторы және Пәнаралық зерттеулер орталығында (ISRC) инженерлік білім беруді зерттеу бөлімінің координаторы.


Жозе Карлуш Куадраду, профессор, Порту қ. Политехникалық университетінің интернационализация жөніндегі вице-президенті. «Энергетика және энергетика жүйелері» бағыты бойынша бакалавриатты бітірді, «Электротехника, автоматтандыру және өнеркәсіптік электроника» мамандығы бойынша дипломы бар, Лиссабон қ. Техникалық университетінде «Электротехника және есептеу техникасы» мамандығы бойынша магистратураны аяқтады және докторлық дәрежесін алды.
Сонымен қатар, ол Бейра Интериор университетінің «Электротехника» бағыты бойынша докторлық дәрежесін алды. 8 жыл бойы ол Лиссабон жоғары инженерлік мектебінің (ISEL) президенті болды. Жозе Карлуш Куадраду халықаралық инженерлік ұйымдарды басқаруда үлкен тәжірибеге ие: Латын Америкасы мен Кариб теңізінің инженерлік ұйымдарының консорциумы (LACCEI), Халықаралық инженерлік білім қоғамдары федерациясы (IFEES), Инженерлік білім беру иберо-американдық қауымдастығы (ASIBEI), Еуропалық инженерлік білім беру қоғамы (SEFI). Болон процесі бойынша Ұлттық сарапшылар тобында жұмыс істей отырып, ол Португалия инженерлік факультеттер декандары қауымдастығының (APDI2E) президенті болды. Техника және технология саласындағы халықаралық марапаттар мен шәкіртақыларға ие болды. Оның ғылыми қызығушылығы негізінен жаңармалы энергетика, электромобильдер өнеркәсібі, жоғары білім беруді басқару және білім сапасын қамтамасыз ету сияқты салалармен байланысты.


Анджело Мартинс, 2003 жылы «Электротехника және есептеу техника» мамандығы бойынша PhD дәрежесін алды. 1993 жылдан бастап Порту қ. Политехникалық университетінің Жоғары инженерлік мектебінде оқытушы, «Информатика» кафедрасының доценті. 10 жыл (2008-2018 жж.) «Инженерлік информатика» бакалавриат бағдарламасының жетекшісі болды, EUR-ACE жүйесінде бағдарламаларды аккредиттеу процесін басқарды. Қазіргі уақытта Анджело Мартинс – Порту қ. Политехникалық университетінде «Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу» аспирантурасы бағдарламасының жетекшісі. CDIO (Жоспарлау – Жобалау - Өндіру - Қолдану) бастамасын іске асыруға белсенді қатысады. Есептеу техникасы ассоциациясының (ACM) және Португал инженерлер ассоциациясының мүшесі. Жүйелер және есептеу техникасы ғылыми-зерттеу институтының (INESC TEC) Компьютерлік графика және ақпараттық жүйелер бөлімі координаторының бірі.


Мариса Оливейра, «Өнеркәсіптік машина жасау және менеджмент» бағыты бойынша PhD дәрежесін (2013 ж.) алды, 2002 жылы «Математика» мамандығы бойынша магистратураны, 1998 жылы «Математика» мамандығы бойынша бакалавриатты бітірді. 1999 жылдан бастап Порту қ. Политехникалық университетінің Жоғары инженерлік мектебінде оқытушы, «Математика» кафедрасының доценті.
2007 - 2009 жж Педагогикалық кеңестің мүшесі болды. 2014-2019 жж. – «Жүйелік инженерия» бойынша бакалавр бағдарламасы бастығының орынбасары. «Қашықтықтан оқытудың педагогикалық инновациялары» PIPED 3-ші басылымының жеңімпаз командасының координаторы.


Габриэла Гонсалвес, «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша PhD дәрежесін алды (2017 ж.), «Электротехника және есептеу техникасы. Профильдік жүйелер» бағыты бойынша магистратураны (1994) және «Қолданбалы математика. Статистика, операцияларды талдау және информатика» (1990) мамандығы бойынша бакалавриатты бітірді.
1990 жылдан бастап Порту қ. политехникалық университетінің Жоғары инженерлік мектебінде әртүрлі пәндерден сабақ береді, «Математика» кафедрасының доценті. 2013 жылдан бастап бірнеше байқаулардың қазылар алқасының мүшесі. 2018/19 математика тестін жасаушылар командасының құрамында болды. 2013 ж. сәуірі мен 2017 ж. желтоқсаны аралығында CIEd ғылыми қызметкері болды. Пәнаралық зерттеулер орталығында (ISRC) инженерлік білім беруді зерттеу бөлімінің қызметкері.


Антонио Кардосо Коста, профессор, Порту қ. Политехникалық университетінің Жоғары инженерлік мектебінің оқытушысы, бакалавриат және магистратура бағдарламаларында «Информатика» пәндерінен сабақ береді. 1985 жылы Порту қ. университетінің «Электротехника» бағыты бойынша магистратураны бітірді және 2001 жылы «Информатика және компьютерлік техника» (Жарықтандыру құрылғыларын жобалау) бағыты бойынша PhD дәрежесін алды. PhD диссертациясымен жұмыс істеу барысында 1996 жылдан 1999 жылға дейін ол үш өлшемді өлшеудің нақты мүмкіндіктерін қолдана отырып, пайдаланушылардың физикалық және басқа да шектеулерін ескеретін жарықтандыру құрылғыларын жасаудағы жаңа икемді тәсіл туралы бірнеше мақалалар жариялады. Оның ең маңызды басылымдарының бірі EuroGraphics Rendering 10-семинарында (1999, Испания) ұсынылды.
2000-2008 жж IPATIMUP - денсаулық сақтау/ биология ғылыми-зерттеу институтында қауіпсіздік бойынша кеңесші болып жұмыс істеді. 1990 жылдан бастап Порту қ. Политехникалық университетінің Инженерлік информатика факультетінде сабақ береді. 2002-2008 жж «Инженерлік информатика» білім беру бағдарламасының жетекшісі және Ғылыми кеңестің вице-президенті болды.
2009-2013 жылдар аралығында Университеттің Бас Кеңесінің мүшесі болды. 2009 жылдан бастап білім беру бағдарламаларын аккредиттеу және сертификаттау мәселелері бойынша координатор. 2007 жылдан бастап CDIO (Жоспарлау – Жобалау - Өндіру - Қолдану) бастамасын жүзеге асырудың кураторы, 2008 жылы Порту қ. Политехникалық университетімен қосылды. 2011 жылы Антонио Кардосо Есептеу техникалары ассоциациясының (ACM) аға мүшесі болды.
2009 жылдан бастап Порту қ. астаналық аймақтың бірнеше соттарында қауіпсіздік бойынша сот сарапшы. 2008 жылдан бастап GECAD компаниясында биоинформатика, үлкен деректерді талдау және визуализация, қауіпсіздік жүйелерін жобалау бөлімінің ғылыми қызметкері. 2009-2014 жылдары Порту қ. Политехникалық университетінің Ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі болды. 2008-2009 жылдары университеттің Ғылыми кеңесінің вице-президенті болды.
2001-2008 жж «Информатика» бакалавриат бағдарламасының жетекшісі болды. Осы уақыт ішінде Порту қ. Политехникалық университетінің LBEI-ISEP бағдарламасын Португалия политехникалық университеттерінің Ассоциациясы (2003 ж.) және Инженерлер Ордені (2005 ж.) аккредитациясы мойындады.
2007 жылы бірқатар жаңа LEI-ISEP және MEI-ISEP бағдарламалары Инженерлердің Орденімен 2010 жылға дейін және одан кейінгі мерзімге аккредиттелген.
Антонио Кардосо Коста 2015 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан ұлттық қорғаныстың аудиторы ретінде ол Португалияның ұлттық қорғанысын жақсартуға арналған шешімдерді әзірлеуге қатысты. 2015 жылы ол «Ақпараттық технологиялар» (CAC-CSAB) саласындағы бағдарламалардың сапасын бағалау бойынша ABET сарапшысы болды.


Сусана Никола, «Өнеркәсіптік машина жасау және менеджмент» мамандығы бойынша PhD дәрежесін алды және Порту қ. университетінде (Инженерлік факультет) «Сандық әдістер және параллельді есептеу» тақырыбында магистрлік диссертация қорғады. 1992 жылдан бастап Порту қ. Политехникалық университетінің Жоғары инженерлік мектебінде әртүрлі пәндерден сабақ береді, «Математика» кафедрасының доценті. Сусана Никола - магистрлік диссертациялардың жетекшісі және бірлескен жетекшісі болып табылады. 2016 жылдан бастап – Порту қ. Политехникалық университетінің DTESPs және CTESPs бағдарламалары негізінде математика бойынша емтихан комиссиясының координаторы. 2012 жылдан бастап «Matematica 100Stress» Жаппай ашық онлайн курстарын (MOOC) даярлау тобының мүшесі. 2014 жылдан бастап ол Порту қ. Политехникалық университетінің «Барлығына арналған математика» тобының мүшесі. Бірнеше мақалалардың авторы және семинарлардың модераторы.
Ғылыми қызығушылықтары: https://www.researchgate.net/profile/Susana_Nicola/contributions


Мария Жоао Рапосо, PhD дәрежесін алды (2017), бағыты - еңбек және жұмыспен қамту. 2010 жылы магистратураны бітірді, 2012 жылдан бастап - «Персоналды басқару» бағыты бойынша маман. 2000 жылдан бастап Порту қ. Политехникалық университетінің Жоғары инженерлік мектебінде бірнеше пәндерден сабақ береді, «Менеджмент» кафедрасының доценті. 2008 жылдан 2014 жылға дейін Педагогикалық кеңестің мүшесі болды. Пәнаралық зерттеулер орталығының (ISRC) инженерлік білім беруді зерттеу бөлімінің қызметкері.
Персоналды басқару бойынша кеңесші ретінде 15 жылдан астам тәжірибесі бар.

ДУБНИЦА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ИНСТИТУТ,
Дубница-над-Вагом қ. (Словакия)
DTI

Роман Хрмо, доцент, PhD, MBA дипломы (Іскери әкімшілендіру магистрі) мен ING-PAED IGIP сертификаты (инженерлік педагогика және дидактика саласындағы жетекші сарапшы) бар. «Техникалық пәндер дидактикасы» докторлық диссертациялық кеңесінің мүшесі. Ғылыми ортаға тек инженерлік кадрларды даярлау бойынша ғана емес, сонымен қатар осы саладағы ғылыми жұмыстардың арқасында белгілі болды, оның нәтижесі теориялық мәселелерге де, нақты практикалық проблемаларға да әсер ететін инженерлік педагогика бойынша халықаралық танымал жарияланымдарға айналды.
Роман Хрмо көптеген ғылыми жобалар аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі уақытта ол Дубницкий технологиялық институтының сапа және даму ісі жөніндегі проректоры және сапаның ішкі менеджмент қызметі басшыларының бірі.
Роман Хрмо - танымал халықаралық сарапшы, оның қызметі ғылыми, техникалық және кәсіби ұйымдар мен бірлестіктерде дәлелденген, мысалы, Халықаралық инженерлік педагогика қоғамының (IGIP) Атқарушы комитетінің мүшесі, IGIP Словакиялық бақылау комитетінің президенті, Словакия ғылыми және технологиялық қоғамдары қауымдастығының (ZSVTS) мүшесі, Білім беру және оқыту жөніндегі ақпараттық қоғамның төрағасы, Прагадағы Чехия жаратылыстану ғылымдары университетінің ғылыми кеңесінің мүшесі.


Юрай Мистина, PhD, Трнавадағы әулие Кирилл мен Мефодий университеті жаратылыстану факультетінің доценті және Дубница технологиялық институтының шақырылған профессоры. Словакиядағы жоғары оқу орны үшін «Техникалық саладағы кәсіби мақсат үшін ағылшын тілі» білім беру бағдарламаларын жасауға қатысты. Қазіргі уақытта ол қолданбалы информатика, химия, биотехнология, қолданбалы биология және басқа инженерлік мамандықтардың студенттеріне «Кәсіби қарым-қатынас» және «Техникалық ағылшын тілі» пәндерін оқытады. Оның ғылыми қызығушылықтары инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана отырып, электронды оқытудың іргелі және қолданбалы мәселелерін шешуге бағытталған. Ол екі монографияның авторы және жоғарыда аталған тақырыптар бойынша көптеген сілтемелік журнал басылымдарының, конференция материалдарының және кітап тарауларының бірлескен авторы болып табылады. Юрай Мистина - түрлі ұлттық және халықаралық агенттіктер қаржыландыратын бірнеше марапаттар мен гранттардың иегері. Ол EST және EAP профиліндегі жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеудің сарапшысы болуымен қатар, кәсіби (арнайы) дидактика саласындағы халықаралық деңгейде танымал маман.


Люсия Кристофякова, PhD, ING-PAED IGIP, дидактикалық әдістерге кәсіби бағдарланған университет оқытушысы. Оның ғылыми қызығушылықтары инженерлік педагогикаға және білім сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Ол бірнеше ғылыми жобалардың (APVV, KEGA, VEGA, ESF) координаторы болды. Дубница технологиялық институтының ішкі сапа менеджменті қызметінің аудиторы. Словакия ғылыми және технологиялық қоғамдары қауымдастығының (ZSVTS) «Инженерия және білім берудегі информатика» қоғамының хатшысы, ғылым, техника және білім беру жөніндегі комиссияның мүшесі. Люсия Кристофякова – «Техникалық пәндер дидактикасы» кафедрасы меңгерушісінің орынбасары және IGIP Словакия бөлімінің бас хатшысы.

ТАЛЛИН ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ,
Таллин қ. (Эстония)
Инженерлік Мектеп,
Машина жасау және өнеркәсіптік инженерия факультеті,
Эстонияның инженерлік педагогика орталығы,
Таллин қ., Эстония
TalTech

Тия Рутманн, доцент, PhD, инженерлік бағыт бойынша магистратураны бітірді, дипломды инженер, ING-PAED IGIP халықаралық біліктілігі бар, инженерлік педагогика және STEM-дидактика саласындағы жетекші маман. Таллин техникалық университеті жанындағы Эстонияның Инженерлік педагогика орталығының жетекшісі, «Кәсіби-техникалық педагогикалық білім беру» магистрлік бағдарламасының жетекшісі. Көптеген ғылыми мақалалардың авторы және бірлескен авторы. Мамандануы: инженерлік педагогика, оқытушыларды қайта даярлау, білім беру бағдарламалары әзірлеу, дидактика мен STEM-әдіснамасы және т.б. Ресейдегі Ұлы Петрдің Санкт-Петербург политехникалық университетінің шақырылған профессоры.
Тия Рутманн - Инженерлік педагогика халықаралық қоғамының (IGIP) Атқарушы комитетінің мүшесі, IGIP халықаралық мониторинг комитетінің президенті, сонымен қатар IGIP Эстония мониторинг комитетінің, IEEE-EDUCON консультациялық кеңесінің және жоғары білімді дамытудың Nordic-Baltic желісінің Бас хатшысы.


Рит Нойдорф, дипломды инженер, «Машина жасау және өнеркәсіптік инженерия» кафедрасының магистратурасын бітірген. Эстонияның инженерлік білім беру орталығында жұмыс істейді, инженерлік педагогика саласындағы үздіксіз білім беру маманы, халықаралық білім және статистика бойынша кеңесші және экономист. Білім берудің халықаралық стандартты классификациясы (ISCED) негізінде Эстониялық білім берудің стандартты классификациясын жасауға қатысты. Кәсіби біліктіліктің ұлттық жүйесі (біліктілік шеңбері) тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс тобының мүшесі. Eyridyce Эстония филиалы жұмысының координаторы. Білім беру жобаларын басқарумен және үйлестірумен айналысады.


Лийна Райхманн, PhD, «Педагог-инженер» (ING-PAED IGIP) халықаралық біліктілігі бар, инженерлік педагогика және STEM-дидактика саласы бойынша сарапшы. Таллин технологиялық университетінің жанындағы Эстонияның инженерлік педагогика орталығының оқытушысы. Мамандануы: инженерлік педагогика, STEM-дидактика және әдістемесі, білім беру бағдарламаларын әзірлеу, оқытушыларды қайта даярлау. Лийна Райхманн - IGIP мүшесі және гимназиядағы STEM пәнінің оқытушысы.

ТОМСК ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ,
Томск қ. (Ресей)
ТПУ

Юрий Петрович Похолков, профессор, т.ғ.д., әлемге танымал ғалым. Томск политехникалық университетінің «Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыру және технологиялары» оқу және ғылыми орталығының жетекшісі. 1990 - 2008 жж. Томск политехникалық университетінің (ТПУ) ректоры қызметін атқарды. Оның басқару құзіреті ТПУ-ға бүкіл әлем мойындауға және халықаралық білім қоғамдастығына кіруге мүмкіндік берді. 1999 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін профессор Похолков Ресей Федерациясының Инженерлік білім беру қауымдастығының президенті болып табылады. Негізгі қызметі инженерлік білімді дамытуға және университетті басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған. 2007 жылы Ю.П. Похолков ТПУ-да «Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыру және технология» кафедрасын құруға бастама көтеріп, «Білім беру және ғылымдағы менеджмент», «Жоғары білім берудегі инновация», MBA бағдарламасындағы «Ғылым және білім берудегі менеджмент» сияқты бағыттар бойынша магистрлік бағдарламалар жасалды, сонымен қатар қызметкерлерге, оқытушыларға және университет әкімшілігіне арналған бірнеше үздіксіз білім беру бағдарламалары жүзеге асырылды. Профессор Похолков білім беру бағдарламаларының сапасын бағалаудың, олардың сапасын бағалау критерийлерін жетілдірудің әдістерін әзірлеп, қолданысқа енгізді. Сонымен қатар, ол студенттердің оқу процесіне белсенді қатысуы үшін әдістеме әзірледі және енгізді, оның ішінде «сарапшылар семинары» технологиясын қолданады.
Ю.П. Похолков ғылыми және білім беру мекемелерін дамытудың кешенді бағдарламаларын құрудың әдістемесін жасап, практикада қолданды, Ресейдегі Ұлттық инженерлік білім беру доктринасын қалыптастыруға ғылыми көзқарасты тұжырымдады және жоғары оқу орындары, білім беру бағдарламалары және техникалық университеттер түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету принциптерін анықтады.


Ольга Пономарева, доцент, Томск политехникалық университетінің «Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыру және технологиялары» оқу-ғылыми орталығы басшысының орынбасары, n.ғ.к., халықаралық білім беру қызметін үйлестіруде мол тәжірибеге ие. «Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыру және технологиялары» кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, ТПУ халықаралық білім беру және тілдік коммуникация институтының тәрбие жұмысы және әлеуметтендіру қызметі бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. Оның ғылыми қызығушылықтары инженерлік білім сапасын бақылау және жақсарту мәселелеріне бағытталған.


Мария Червач – Томск Ұлттық зерттеу политехникалық университетінің «Жоғары кәсіби білім беруді ұйымдастыру және технологиялары» оқу-ғылыми орталығының ассистенті, менеджері. «Кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесі» саласындағы зерттеуші, оқытушы-зерттеуші, «Ғылыми және білім беру саласындағы менеджмент» магистрі, менеджмент бакалавры. «05.13.10 Әлеуметтік және экономикалық жүйелердегі менеджмент» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын дайындауда. Ғылыми қызығушылықтары: инженерлік білім беру сапасы, жобалық және проблемалыққа бағдарланған оқыту, интерактивті оқыту, инженерлік білім берудегі құзіреттілік тәсіл, университетті басқаруды ұйымдастыру, университеттің бәсекеге қабілеттілігін басқару. Жобаларды басқару, ғылыми және білім беру іс-шараларын ұйымдастыру, халықаралық ынтымақтастық саласында тәжірибесі бар.

ҚАЗАН ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ,
Қазан қ. (Ресей)
ҚҰЗТУ

Фарида Шагеева, т.ғ.к. (1987) және пед.ғ.д. (2009), профессор, «Инженерлік педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, «Қосымша білім беру» факультетінің деканы. Халықаралық «Педагог-Инженер» біліктілігі (ING-PAED IGIP) және «Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарының құрметті қызметкері» атағы бар. 5 аспиранттың жетекшісі болды. Оның ғылыми қызығушылықтары университеттің оқытушыларына жаңа оқыту әдістерін үйрету, университетте заманауи білім беру технологияларын қолдану, үздіксіз білім беру бағдарламалары және т.б.


Мансур Галиханов, т.ғ.к. (1999) және т.ғ.д. (2010), «Полимер және композиттік материалдарды өңдеу технологиясы» кафедрасының профессоры. Қосымша кәсіби білім беру институты директорының міндетін атқарушы және университет оқытушыларының біліктілігін арттыру факультетінің деканы. Халықаралық «Педагог-инженер» біліктілігі бар (ING-PAED IGIP). 7 аспиранттың жетекшісі болды. Оның ғылыми қызығушылықтары полимерлі композиттер негізінде электрлік материалдарды зерттеу және оларды тұтыну тауарларында қолдану болып табылады. Сонымен қатар, оның ғылыми қызметі университет оқытушылары мен кәсіпорын қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау мәселелерімен және инженерлік білім берудің басқа да мәселелерімен байланысты.

ТАМБОВ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ,
Тамбов қ. (Ресей)
ТМТУ

Елена Мищенко, э.ғ.д., профессор, ТМТУ-дың халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры. Ғылыми қызығушылықтары: оқу орнындағы білім беру сапасын басқару. Тамбов мемлекеттік техникалық университетінің халықаралық қызметін басқарады, халықаралық қызмет стратегиясын әзіреледі, тілдерді оқыту бағдарламаларының координаторы және халықаралық қызметті басқару мәселелерімен айналысады. Халықаралық істер жөніндегі проректордың жұмысы инженерлік студенттерді дайындаумен тығыз байланысты. Елена Мищенко Ресейде және шетелде инженерлік білім туралы терең білімге ие. Халықаралық жобаларға қатысудың бай тәжірибесі бар (7 TEMPUS және ERASMUS + жобалары). Инженерлік және халықаралық білім беру саласындағы 100-ге жуық жарияланымдардың авторы. Халықаралық инженерлік педагогика қоғамының (IGIP) сертификаты бар.


Константин Брянкин, т.ғ.д., профессор, Тамбов мемлекеттік техникалық университетінің оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы. Ғылыми қызығушылықтары: химиялық технологияның процестері мен аппараттары, химиялық өндіріске арналған жабдықтар. «Химия және химиялық технология» кафедрасының профессоры. 100-ден астам жарияланымның авторы, оның ішінде 14 оқу-әдістемелік құрал, 3 монография және 5 педагогикалық практикада пайдаланылған өнертабысқа патент. TEMPUS бағдарламасының «Білім беру бағдарламаларын онлайн режимінде қамтамасыз ету» EQUASP жобасына қатысты.

ДОН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ,
Ростов-на-Дону қ. (Ресей)
ДМТУ

Елена Чернышева, пел.ғ.к., Халықаралық жобалар мен бағдарламалар бөлімінің бастығы. Tempus және Erasmus+ Еуропалық Комиссия бағдарламалары бойынша жобалық өтінімдерді дайындауда тәжірибесі бар, келесі салаларда кең білімі бар:
- жобаларды басқару,
- университеттегі халықаралық қызметті үйлестіру;
- студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламаларын ұйымдастыру.
Елена Чернышева жоғары білімді модернизациялау бойынша әртүрлі халықаралық конференцияларға қатысып, көптеген дөңгелек үстелдер мен оқу семинарларын ұйымдастырды. Ол TEMPUS және ERASMUS + бағдарламалары бойынша бірқатар бағдарламаларды сәтті дайындауда үйлестіруші және байланыстырушы болды.


Наталья Гаспарян, Халықаралық жобалар мен бағдарламалар бөлімінің менеджері, университетті «Ағылшын және неміс тілі оқытушысы» мамандығы бойынша бітірді. Ол «Глория Джинс корпорациясы» ЖАҚ, «Элегатн» ПКФ ЖАҚ, «ФМ Ложистик» ЖАҚ және басқалар сияқты сыртқы экономикалық қызмет саласындағы жобаларды басқаруда мол тәжірибеге ие. 2015 жылдан бастап ДМТУ халықаралық білім беру жобалары шеңберіндегі жұмыстардың координаторы. Erasmus+, COMPLETE және EurDiQ жобаларының жұмыс тобының мүшесі болды. Біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша курстардан өтті: «Еуропалық және Ресейлік білім беру жүйелерінің интеграциясы жағдайында білім сапасын қамтамасыз ету», «Білім беру сапасын қамтамасыз етудің механизмдері: еуропалық трендтер, форматтар мен технологиялар», «Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге еуропалық көзқарас» және т.б.. Жоғары білімнің әлеуетін арттыру бойынша Халықаралық семинарлар мен конференцияларға қатысты.


Ксения Ясько, Халықаралық серіктестік және хаттама орталығының сарапшысы. Халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруда және өткізуде, соныен қатар халықаралық жобалар аясында байланыс орнатуда үлкен тәжірибеге ие. Ксения Яско 2 Erasmus + жобасында тарату жұмыстарын жүргізуге жауап берді. Шетелдік делегациялардың сапарларына ақпараттық және әкімшілік қолдау көрсетеді. Жобалар аясында ол есептерді дайындауға, веб-сайттарды әзірлеуге және техникалық сүйемелдеуге және тапсырмалардың мониторингіне қатысады.


Сергей Чапек, «Медицинадағы инженерлік технологиялар» РОҒЗИ – ДМТУ бірлескен ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі. Негізгі функциялары:
- жаңа материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды жасау және жылжыту бойынша маркетингтік және инженерлік зерттеулер;
- қазіргі материалтану ғылымын қолдану салаларын әртараптандыру;
- патент алуға құжаттарды дайындау;
- медицинаның әртүрлі салаларында материалдарды қолдану туралы жарияланымдар дайындау;
- ДМТУ студенттері мен мүдделі тараптары үшін семинарлар мен ашық дәрістер өткізу.
Сергей Чапек «Медицинадағы құрылғылар мен материалдар» халықаралық конференциясын ұйымдастыруға қатысты. Медициналық материалдарды жасау бойынша оқу құралының авторы. Медициналық және техникалық мамандықтар бойынша оқытуда модернизациялау, сапасын жақсарту және кеңейтілген компьютерлік технологияларды қолдану мәселелеріне арналған «Биоинженериядағы бірлескен компьютерлік технологиялар» және «Коррозия және коррозияға қарсы материалдар» оқу курстарына арналған оқу-әдістемелік және бағалау материалдарын жасау тәжірибесі бар.

РЕСЕЙДІҢ ИНЖЕНЕРЛІК БІЛІМ БЕРУ АССОЦИАЦИЯСЫ
Мәскеу қ. (Ресей)
РИББА

Ксения Зайцева, РИББА аккредиттеу орталығының директоры, РИББА халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік етеді, пед.ғ.к., «Экономикадағы математикалық әдістер» мамандығын бітірген, «Халықаралық менеджмент» бакалавры дәрежесіне ие. Оның мүдделеріне білім сапасын, белсенді оқыту технологиясын және ғылым мен білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету мәселелері кіреді. Ксения Зайцеваның бірнеше TEMPUS және ERASMUS + жобаларына қатысу және үйлестіру, сондай-ақ білім беру және ғылым саласындағы, соның ішінде ұлттық және халықаралық жобалар, конференциялар, семинарлар, тренингтер мен оқу курстары аясындағы халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруда мол тәжірибесі бар.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ,
Алматы қ. (Қазақстан)
әл-Фараби ат. ҚазҰУ

Нұрғалиева Құралай, физ.-мат.ғ.к. (2009), «Физика» мамандығы бойынша магистратураны бітірген (2001), әл-Фараби ат. ҚазҰУ физика-техникалық факультетінің доценті және «Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика» кафедрасының ғылыми және инновациялық қызмет пен халықаралық байланыстар жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары. 2012 жылдан бастап физика, электроэнергетика, сонымен қатар білім беруге байланысты пәндерден сабақ береді.

Е.А. БУКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ Қарағанды қ. (Қазақстан)
ҚарМУ

Светлана Карстина, конденсацияланған заттар физикасы саласы бойынша физ.-мат.ғ..д. (2011), физ.-мат.ғ.к. (1998), университетті «Физик. Оқытушы» мамандығы бойынша бітірді (1992). Ол Қазақстандағы және шетелдердегі әртүрлі ғылыми журналдарда жарық көрген 100-ден астам ғылыми мақалалардың, сонымен қатар, «Қатты нанопоралық адсорбенттер бетіндегі органолуминофорлардың люминесценциясының фракталдық кинетикасы» монографиясының авторы.
Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық бағдарламаларды басқару бөлімінің басшысы, Е.А. Букетова ат. ҚарМУ «Физика және нанотехнология» кафедрасының профессоры. 2016–2017 жж. қашықтан Ресей Федерациясының Оңтүстік Урал мемлекеттік университетінің (Ұлттық зерттеу университеті) «Теориялық және қолданбалы химия» кафедрасында профессор болып жұмыс істеді. 2004 ж. және 2006 ж. екі рет талантты жас ғалымдарға арналған Мемлекеттік ғылыми стипендиямен марапатталған, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, ҚарМУ-дің еңбек сіңірген қызметкері медалімен марапатталған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау және сертификаттау комитетінің физика, энергетика және физиканы оқыту әдістемесі бойынша сараптамалық кеңесінде тәжірибесі бар (2006-2007). «Наноматериалдар және нанотехнологиялар» мамандығы бойынша кандидаттық және докторлық ғылыми дәрежеге ұсынатын университеттің диссертациялық кеңесінің төрайымы болды (2012).
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы нормативтік құжаттарды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының тұрақты мүшесі, Ғылыми кеңестің мүшесі, университеттің ғылыми-әдістемелік және ғылыми-техникалық кеңестерінің мүшесі. Светлана Карстина TEMPUS, ERASMUS MUNDUS, ERASMUS + жобаларына қатысуда және үйлестіруде, бірлескен халықаралық білім беру және ғылыми жобаларды жүзеге асыруда, конференциялар, форумдар, семинарлар, практикумдар, тренингтер мен оқу курстарын ұйымдастыруда үлкен тәжірибеге ие.


Елена Минаева, Букетов ат. Қарағанды мемлекеттік университеті «Органикалық химия және полимерлер» кафедрасының доценті, (Қазақстан), органикалық химия саласы бойынша хим.ғ.к., «Химия» мамандығы бойынша магистратураны бітірді, Уорик университетінде (Ұлыбритания) диплом қорғады, «Химия» бакалавры дәрежесін алды.
Оның ғылыми қызығушылықтары құрамында фосфор бар органикалық қосылыстардың синтезі, инженерлік білім беруде белсенді оқытуды енгізу мәселелері және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жетілдіру жолдары бар. 100-ден астам ғылыми жарияланымдардың, соның ішінде Томсон индексі бар халықаралық журналдардағы мақалалардың авторы. Органикалық химия бойынша ағылшын тіліндегі оқулықтың авторы (баспа және электронды басылымдар). Елена Минаева 2018 жылғы AP05133718 «Полиоксистероидтардың жаңа суда еритін туындыларының синтезі, құрылымы және биологиялық белсенділігі» республикалық ғылыми жобаның мүшесі. «Қарағанды университетінің Хабаршысы - Химия» журналының жауапты хатшысы, Web of Science платформасындағы жаңа дереккөздердің ғылыми дәйексөздер базасына енгізілген. 2016 жылы Ньюкасл университетінде (Ұлыбритания) «Жоғары білім берудегі оқыту және үйрету» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
2008 және 2017 жылдары талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияға және 2008 ж. Уорик университетінде FCO / OSI Chevening стипендияларына ие болды.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНЖЕНЕРЛІК БІЛІМ БЕРУ АССОЦИАЦИЯСЫ,
Алматы қ. (Қазақстан)
KAZSEE

Зиябеков Нуржан, Қазақстан Инженерлік білім қауымдастығының Бас хатшысы, аккредиттеу жәнеӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің білім беру бағдарламаларының сапасын бақылау орталығының директоры. «Банк ісі» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін бітірді. Ноттингем университеті, Қаржы және несие саласындағы магистр - Т. Рысқұлова атындағы Қазақ экономикалық университетін бітіріп, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен «Экономика» мамандығы бойынша PhD дәрежесіне ие болды. 2004-2009 жж. АО Альянс Банк, корпоративтік қаржыландыру департаменттің бас менеджері, 2009-2013 жж «Темір Банк» АҚ кездейсоқ жағдайларды басқару жөніндегі бас менеджері, 2014-2017 жж. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» инспекция бөлімінің бас маманы, 2017-2019 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы.

ВЯТКА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ,
Киров қ. (Ресей)
ВятМУ

Елена Сырцова, пед.ғ.к., доцент, ВятМУ Ресей және шетел азаматтарының үздіксіз білім беру институтының директоры. Оқытатын пәндері: «Әлеуметтану және басқару психологиясы», «Психология және педагогика», «Менеджмент». 73 жарияланымы бар, оның ішінде 8 оқулық және 49 ғылыми жұмыс оқу практикасында қолданылады. «Қашықтықтан оқыту процесі: мәні, құрылымы, ұйымдастырушылық ерекшеліктері», «Қашықтықтан оқыту: бастауыш, орта және жоғары мектептегі ұйымдастырушылық ерекшеліктері» және басқа кітаптардың авторы.
Ғылыми қызығушылықтары: білім беру сапасын басқару, желілік және электрондық оқытуды енгізу, қосымша білім беруде қолданылатын қашықтықтан оқыту технологиялары, халықаралық қатынастар.
Кәсіби жетістіктері:
1) «Менеджмент» Президенттік бағдарламасын сәтті басқарды (2014 жылы бағдарлама іске асыру сапасы бойынша Ресейде 2 орын алды);
2) «Менеджмент» Президенттік бағдарламасын қоғамдық және кәсіби аккредиттеу;
3) шетелдік серіктестермен бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру (Хэйхе университеті, Хуангган университеті және т.б.).


Татьяна Мурина, кәсіби қайта даярлау және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы. «Филология» мамандығы бойынша университетті бітірді. Ғылыми және білім беру жобаларына қатысу тәжірибесі бар.
Кәсіби жетістіктері:
1) кәсіби қайта даярлаудың 21 бағдарламасын және 150-ден астам біліктілікті арттыру бағдарламалары әзірленді және іске асырылды;
2) Президенттік инженерлік білім беру бағдарламасы аясында (2012, 2013, 2014, 2016 жж.) Басқарушылық кадрларды даярлау бағдарламасының конкурстық іріктеудің жеңімпазы.

«БОЛОН КЛУБЫ» БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭКСПОРТЫ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ ИНТЕРНАЦИОНАЛИЗАЦИЯ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ АССОЦИАЦИЯСЫ
Ростов-на-Дону қ. (Ресей)
БК

Светлана Шведова, 2010 жылы құрылған «Болон клубының» президенті, пед.ғ.к., доцент, Ресей Федерациясындағы жоғары білім беру реформасы саласындағы сарапшы, Ресей Федерациясының Болон процесі бойынша бақылау тобындағы өкілі.
Ол AHELO (Жоғары білім беру саласында оқу нәтижелерін бағалау) және CDIO халықаралық бастамаларының аймақтық координаторы болды.
Ол Tempus, Jean Monnet и Erasmus+ жобаларының координаторлық комитетінің мүшесі, көптеген халықаралық іс-шаралардың бастамашысы болды. Оның біліктілігі бизнеске бағытталған және корпоративті оқыту, білім беруді интернационализациялау, бейресми және спонтанды білім беруді тану және т.б. саладағы көптеген жобаларды жүзеге асыруда көрінді.
Светлана Шведова орыс және ағылшын тілдеріндегі 50 монографияның, мақалалардың, оқулықтардың және оқу құралдарының авторы.
РФ Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.


Ирина Маевская, 2015 жылдан бастап «Болон клубының» атқарушы директоры, Академиялық ынтымақтастық ассоциациясы (ACA) жүзеге асыратын «Әлемдегі еуропалық жоғары білімнің тартымдылығын арттыру» жобасы аясында Еуропалық жоғары білім бойынша сарапшы.
Соңғы 5 жыл ішінде ол 6 TEMPUS және 2 Erasmus+ жобаларының координаторлық комитетінің мүшесі болды. Ол 42 ғылыми жұмыстың авторы және жыл сайынғы «Ақпараттық-коммуникациялық мәдениет: ғылым және білім» жинағының редакциялық алқасының мүшесі. Қазіргі уақытта цифрлық білім беру және аралас оқыту саласындағы зерттеулермен айналысады.