You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Loading...

21.10.2020

ENTER 2020 халықаралық конференциясының нәтижелері


2020 жылдың 14-15 қазанында “ENTER 2020” халықаралық конференциясы өтті. Конференция барысында жоба консорциумының бір жарым жыл ішінде қол жеткізген аралық жетістіктері ұсынылды.
Конференция барысында құттықтау сөзімен жоба үйлестірушісі проф. Jose Carlos Quadrado (Порту политехникалық университетінің Вице-президенті), Анна Муравьева (Рессейдегі Erasmus + ұлттық кеңсесі директорының орынбасары), Александр Сигов (РҒА академигі, Рессей инженерлік білім Ассоциациясының бірінші вице-президенті, Рессей технологиялық университетінің президенті).
Онлайн конференция ұйымдастырушысы – Рессей инженерлік білім ассоциациясы жоба серіктестерімен бірігіп, ауқымды бағдарлама әзірледі. Бағдарлама аясында қатысушылар инженерлік бағыттағы оқытушыларды дайындау бойынша отандық және шетелдік тәжірибемен танысты. ENTER халықаралық жобасының жетістіктерімен және “iPET” біліктілікті арттыру жүйелік бағдарламасымен таныстырды.
Конференция тақырыбы академиялық қауымдастық арасында үлкен қызығушылық тудырды. Конференцияға қатысуға Рессей, Қазақстан, Латвия, Эстония, Испания, Италия, Португалия, Ирак, Болгария, Словакия елдерінен 140 тан астам қатысушы тіркелді.
Конференция #Erasmusdays іс-шараларымен қатар өткендіктен, ENTER жобасының идеяларын әлемдік стейкхолдерлерге таратуға мүмкіндік берді. Конференция бағдарламасында жетекші сарапшылардың баяндамасы, серіктес университеттердің жобаны іске асыру барысында жеткен жетістіктері жайында презентациялары, біліктілікті арттыру бойынша өзекті мәселелерді талқылау, ENTER жүйесінің серіктесі болу және жоғары мектептегі кәсіби оқытушы халықаралық регистріне ену сессияларын қамтыды.