You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Loading...

21.10.2020

iPET модулі оқытушыларының тренингі 2020 жылдың 21-22 қыркүйегінде өтті.


Таллинн технологиялық университетінде (TalTech) болашақ оқытушылардың онлайн-тренингі өтті. Консорциум құрамына кіретін Рессей және Қазақстан университеттері iPET бағдарламасын өз оқу орнында жүзеге асыратын, ақыр аяғында инженерлік білім саласында аккредитеттелген халықаралық оқытушы болуы мүмкін оқытушыларын жіберді.
Рессей, Еуропа және Қазақстан университеттері әріптестерінің талқылауына өздерінің білім беру модульдерін виртуалды ұсынды. «Инженерлік педагогика саласындағы инновациялар» модулін DTI университетінің өкілдері ұсынды. «Білім саласындағы жүйелік сараптама» модулі Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің жұмыс тобымен ұсынылды. «Тайм-менеджмент» модулі Порту политехникалық университетімен ұсынылды және т.б. Тренингтің басты мақсаты курстардың мазмұнына ғана көңіл бөлу емес, сонымен қатар білім беру барысының студенттерге бағытталуын қамтамасыз ететін білім беру технологиясы мен бағалау әдістеріне бағытталып, оқытушының білім беруші емес, бағыттаушы болатын білім беру форматына өту.
Тренинг бағдарламасының маңызды бөлігі қатысушы университеттердің пікір-талас алаңы болды. Ол жерде әр оқытушы iPET курсына байланысты өз ойларымен бөлісті.