You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Loading...

08.09.2020

«ENTER 2020: Инженерлік мамандықтар оқытушыларына педагогикалық дайындық» халықаралық конференциясы


Құрметті әріптестер!

Сіздерді «ENTER 2020: Инженерлік мамандықтар оқытушыларына педагогикалық дайындық» халықаралық конференциясына қатысуға шақырамыз.

Өтетін күні: 14-15 қазан 2020 ж.

Өткізілетін форматы: онлайн

Конференцияның мақсаты: Инженерлік бағыттағы оқытушылардың педегогикалық дайындығы бойынша шетелдік және отандық ұйымдардың тәжірибесін қарастыру. ENTER халықаралық жобасының міндеттері мен нәтижелерін көрсету. Соның ішінде дайындалған iPET біліктілікті арттыру жүйелі бағдарламасын көрсету, біліктілікті арттыру бағдарламасын аккредитациядан өткізу тәсілдерін және жоғары мектеп оқытушыларының біліктілігін тіркеу, халықаралық танымалдығын арттыру мәселелерін талқылау.

Конференцияның жұмыс тілдері: ағылшын, орыс

Конференция бағдарламасы бойынша пленарлық сессияларда отандық және шетелдік жетекші эксперттер баяндама жасайды. Сонымен қатар инженерлік бағыттағы оқытушылардың педагогикалық дайындығын арттыру бойынша көкейкесті мәселелерді талқылауға, қалай ENTER жүйесінің серіктесі болуға және жоғары мектеп кәсіби оқытушыларының халықаралық тіркеліміне ену қарастырылған.

Бағдарлама.pdf


Конференцияға қатысу үшін тіркелу формасын
толтыру қажет


Қатысу сұрақтары бойынша байланыс:
erasmus.enter@gmail.com