You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Loading...

17.06.2019

Тамбов мемлекеттік техникалық университетінде ENTER жобасы аясында кездесу өтті


29-31 мамыр аралығында Тамбов мемлекеттік техникалық университетінде ENTER жобасының серіктестерінің кездесуі өтті, кездесу барысында жобаның 1-ші және 2-ші жұмыс пакеттерін іске асыру талқыланды. Инженерлік-оқытушылық білім берудің қолданыстағы тәжірибесін талдау аясында, ENTER консорциумына мүше университеттер инженерлік пәндер оқытушыларының педагогикалық даярлау саласындағы өздерінің тәжірибелерін ұсынды және еуропалық тәжірибені талқылады. Бірінші жұмыс пакетіне жауапты Дон мемлекеттік техникалық университетінің өкілдері серіктестердің есептерін жинады және талдады. Осы мәліметтер негізінде олар инженерлік білім берудің озық педагогикалық тәжірибелері туралы есеп дайындайды.

Кездесу аясында 2-ші жұмыс пакетіне жауапты Томск политехникалық университетінің өкілі, профессор Юрий Похолков «Инженерлік пәндер оқытушыларының құзыреттілік деңгейін бағалау» атты семинар-тренингін өткізді.


Agenda_meeting in TSTU (May 28-31, 2019).pdf